"Музыка әлеміне саяхат"
02.09.2026
1 қыркүйек – Білім күніне орай Атбасар қаласы балалар музыка мектебінде 1-сынып оқушыларына арналған «Музыка әлеміне саяхат» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында жас бүлдіршіндер музыка әлемімен танысып, түрлі музыкалық аспаптардың сырын тамашалады. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы М.К. Рахимжанов, мектеп басшысы З. Калымтаева балаларға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, алғашқы сынып оқушылары үшін жарқын әсер мен жақсы естелікке толы болды.









Просмотров: 644