"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылы Бос орындар конкурсын жариялау

Конкурс жарияланады!

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары - 1 адам

Домбыра аспабы  оқытушысы -1 адам,

Гитара аспабы оқытушысы - 2 адам,

Баян, аккорден аспабы  оқытушысы - 1 адам;

Жетіген  аспабы оқытушысы - 1 адам;

Фортепиано аспабы оқытушысы -1 адам;

Теориялық пәндер оқытушысы - 1 адам;

Мекен жайы: Атбасар  қаласы, Кошанбаев көшесі 102, телефон

8(71643)5-54-50, электорндық почта мекенжайы Admsh@mail.ru

 

Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.  Балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады. Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

     Дарынды және талантты білім алушылармен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді. Әдістемелік бірлестік және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады.

                Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысының әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; тәрбиеленушілердің сұранысы мен қызығушылығының даму ерекшелігін, олардың шығармашылық әрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудың ғылыми-техникалық, эстетикалық әрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.

Еңбек ақысының көлемi тарификация келісімімен.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн);

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) Педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Жаңартылған күні: 12.09.2023 17:23
Құрылған күні: 13.09.2023 11:47

Текст