Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2025 жылғы 7 ақпанда № 35710 болып тіркелді.
1. Қоса берiлiп отырған жариялануға жататын мәліметтер тізбесі бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
|
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Жұмағали |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
|
|
Казакстан Республикасының |
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.11.2025 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі.
|
№ р/с |
Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері |
Жариялануға жататын мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер |
1) жалпы сома; 2) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда). |
|
2 |
Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы және есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлік сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер |
1) сатып алынатын (алынатын) мүліктің түрі; 2) Мүлікті (оның ішінде ақшаны) сатып алу (алу) туралы мәліметтер: 2.1. мүлік сатып алынған елдің коды; 2.2. сатып алынған мүліктің құны (бағасы); 3) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер: 3.1. шығыстарды жабу көздері; 3.2. мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерінің сомасы. 4) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда). |
|
3 |
Есепті салық кезеңі ішінде мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мүлікті иеліктен шығару туралы мәліметтер |
1) иеліктен шығарылған (берілген) мүліктің түрі; 2) иеліктен шығарылған мүлік орналасқан елдің коды; 3) мүлік сатылған теңгедегі құны (бағасы); 4) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда). |
|
4 |
Есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында мыңдық айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы ақша туралы мәліметтер |
1)Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша соммасы; 2) валюта коды; ақшаның валютамен көрсетілген сомасы; 3) ақша сақталатын банк мекемесінің атауы; 4) банк мекемесін тіркеген елдің коды; 5) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда). |
|
5 |
Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде мүлiк пен активтердің болуы туралы мәліметте |
1) мүліктің түрі: 1.1. шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік; 1.2. эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды, цифрлық активтер; 1.3. инвестициялық алтын; 1.4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі. 2) мүлікті тіркеу елінің коды; 3) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда). |
Осы тізімде көзделген кірістер, мүлік және өзге де мәліметтер болмаған жағдайда, олар жариялауға жатпайды.