|
Қазақстан Республикасы |
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы
Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі, оның ішінде үрдістің мінездемесі, түрі, мазмұны және қызмет көрсетудің нәтижесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды Портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алынған сәттен бастап 10 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште немесе Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны және қосымша білім беру ұйымына, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның филиалына құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді
Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына тікелей түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекен-жайына түскен жағдайда, онда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
|
|
Бұйрыққа қосымша |
|||
|
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы жүзеге асырады |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 30 (отыз) минут (құжаттарды ағымдағы жылғы тамыз айының 1-нен бастап қазан айының 1-не дейін жыл сайын қабылданады). |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қосымша білім беруге оқуға қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартының 9 - тармағымен қарастырылған дәлелді жауап беріледі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікпен тегін немесе ақылы көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды. |
|
|
|
8 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар |
1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзгеде талаптар |
Организм функциялары бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамаудағы тұлғаларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, болатын жеріне барып және бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы қағаз жеткізгішін толтыра отырып жүргізеді. |
|
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
01.04.2025
2024 жылғы есепті жария талқылауды өткізу қорытындылары туралы қорытынды
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
1. Көпшілікт алқылауды өткіз укүні: 2025 жылғы 1 наурыздан – 30...
24.02.2025
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есептер
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін "Мемлекеттік қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету...
06.04.2024
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
1. Көпшілікт алқылауды өткіз укүні: 2024 жылғы 1 наурыздан – 30 наурыз аралығында.
2. Көпшілік талқылауды өткізу әдісі: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК сайтында http://vs0001.atbasar.aqmoedu.kz/news/open/id-5479874
3. Көпшілік...
03.04.2023
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК 2022жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
1. Көпшілік талқылауды өткізу күні: 2023 жылғы 1 наурыздан – 30 наурыз аралығында.
2. Көпшілік талқылауды өткізу әдісі: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК сайтында...
28.02.2023
2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет туралы есеп
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін "Мемлекеттік қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету...