"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін "Мемлекеттік қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Атбасар қаласының музыка мектебі бір Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2024 жылы Атбасар қаласының музыка мектебімен барлығы 76 қызмет көрсетілді.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.