Текст
14.05.2026
Астана қ. балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың Республикалық фестиваль- байқауына Атбасар қаласының балалар музыка мектебінің хор ұжымы жетекшісі Тушембекова Н.Т. қатысты.
06.05.2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектебіміздің ер азамат ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Кәсіподақ ұйымының көрсеткен құрметі – сіздердің еңбектеріңізге деген шынайы алғыс пен сыйластықтың белгісі.
06.05.2026
Отан қорғаушылар күніне орай концерт
Бүгін Атбасар қаласы балалар музыка мектебінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5510 әскери бөлімі 4 жеке атқыштар ротасының сарбаздарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға...
30.04.2026
Шуйское а. мерекелік концерт
Қазақстан-150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел. Осы халықтарды біріктіру үшін ел үкіметі түрлі іс – шаралар өткізеді, олардың бірі-Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу.
Осыған орай балалар музыка мектебінің оқытушылары мен...
30.04.2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Атбасар қаласының 2 жалпы білім беретін орта мектебінде аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ер мұғалімдерді құттықтау шарасы өтті. Іс-шара барысында білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ер азаматтарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды. Мерекелік жиында олардың еңбегі жоғары бағаланып, ұжым атынан ізгі тілектер білдірілді. Ел болашағын тәрбиелеудегі маңызды рөл атқарып жүрген ұстаздарға зор денсаулық, отбасы амандығы және шығармашылық табыс тілейміз! В честь 7 мая – Дня защитника Отечества профсоюзной организацией было проведено мероприятие по чествованию мужчин-педагогов. В ходе мероприятия были выражены слова благодарности и уважения учителям, которые вносят значительный вклад в сферу образования. Их труд был высоко оценён, прозвучали тёплые поздравления и добрые пожелания от коллектива. Желаем крепкого здоровья, семейного благополучия и дальнейших успехов в профессиональной деятельности!
29.04.2026
«Музыка мен балалар – дос» дәстүрлі ансамбльдік фестивалі
Сәуірдің 28-і күні Балалар музыка мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Музыка мен балалар – дос» дәстүрлі ансамбльдік фестивалі өтті. Фестивальге 47 оқушы қатысты. Ансамбльде домбыра, қобыз, гитара, скрипка, фортепиано, түймелі баян...
29.04.2026
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысында Атбасар қаласы балалар музыка мектебінің басшысы З. Калымтаева қатысты. Аталған іс- шарада домбыра сыныбы оқушылары да белсенді ат салысты. Ұстаздарымыз Жакубаев Т.З., Алпейсов Е. С., Амралинов К.Ж., Тлектесов К.С. үлкен алғыс білдіреміз!
29.04.2026
Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
28 сәуір күні мектебімізде дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күніне арналған шағын, бірақ маңызды іс-шара өтті. Біз достық және сабырлы атмосферада жылы әңгіме өрбітіп, психологиялық жайлылық, бір-бірімізге қолдау көрсету және қолайлы жұмыс...
22.04.2026
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған "Өнер -халық қазынасы" облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсетілген жоғары орындаушылық шеберлігі мен үздік өнері үшін Куракбаева Баян Амановна марапатталады.
22.04.2026
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған "Өнер -халық қазынасы" облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсетілген жоғары орындаушылық шеберлігі мен үздік өнері үшін "Ақжелең" қазақ ұлттық аспаптар оркестрі жетекшісі Альпейсов Ернур Сабырович марапатталады