01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаланың орталық алаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған мерекеге Балалар музыка мектебінің ұжымы белсенді түрде атсалысып, мерекенің көркін қыздыра түсті.
Іс-шара барысында ән айту алаңқайында мектептің жас әншілері өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылар орындаған әндер балалардың шаттығын, достық пен бақытты балалық шақты дәріптеді. Жас өнерпаздар өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік концертке қатысушылар мен қала тұрғындары талантты балалардың өнеріне жоғары баға беріп, қолдау көрсетті. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Балалар музыка мектебінің ұжымы барлық балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ және шығармашылық табыстар тіледі.


