Бүгін ZOOM платформасында республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының басшысы Шер Р.П. қатысуымен республика бойынша музыка мектептерінің басшыларымен жиын өткізілді. Елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің ұйымдастырылуы және өткізілуі талқыланды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Оның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық ерекшелігі мен рухани мәдениетін дәріптеу.
Фестиваль аясында 1 ақпаннан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде балалар әндерінің челленджі басталады. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі кез-келген бала қатыса алады. Ол үшін TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегінің астына балалар әнінің жанды орындалған бейнесін жүктеу қажет. Қорытындысы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылады.