Текст
19 қаңтарда «Балаларға қосымша білім беруде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістері» атты облыстық вебинар өтті. Бұл іс шараны ұйымдастырушы «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ. Вебинардың қатысушылары – әдіскерлер, қосымша білім беру мұғалімдері. Бұл вебинарға Атбасар балалар музыка мектебінің мұғалімдері Б.А.Куракбаева мен Л.М.Русонис қатысып, дарынды және талантты балалармен жұмыс жасаудағы педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.