"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас маман

24.10.2023

Қайрат Серікұлы 2001 жылы Атбасар қаласында дүниеге келген. Атбасар қаласындағы балалар музыка мектебінің домбыра аспабы бойынша түлегі.2017 жылы Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде музыкалық білімін жалғастырады. 2020 жылы өзі білім алған музыка мектебіне домбыра сыныбының оқытушысы болып жұмысқа орналасады. Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институтында жоғары білім алуда. Ол өзінің аз ғана еңбек жолында біршама жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз жас  ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін оқушыларға арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.
  Шәкірттері жыл сайынғы өтетін аудандық « Жас дарын» музыкалық орындаушылар байқауының жеңімпаздары. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, әріптестеріне де көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз.
  Қайрат Серікұлы алдағы уақытта да өз мамандығының шебері, заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз болатынына сеніміміз мол.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст