Текст
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың мектебіміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Құрметті музыка мектебінің еңбек ардагерлері Байбурина Алма Бекқызы, Савенкова Лариса Викторовна, Стельмах Михаил Лукич,Кузнецова Ольга Васильевна, Прадош Галина Петровна мерекелеріңіз құтты болсын. Денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!!!!