Текст
«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының республикалық тұжырымдамасына сәйкес бірінші тоқсан «Ақындар айтысын» ұйымдастыру және өткізу мақсатында музыка мектебінде теориялық пәндер оқытушысы Л. М. Русонис фортепиано аспабы бойынша 5 сынып оқушыларына « Айтыс өнері» тақырыбында танымдық сынып сағатын өткізді. Іс- шараның негізгі мақсаты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, дәстүрге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу болды. М. Төлебаевтың « Біржан- Сара» операсынан Біржан мен Сараның айтысынан үзінділер көрсетілді.