2020 жылдың 16 ақпанында Нұр-сұлтан қаласында № 1 балалар музыка мектебіне "ASTANA MUSIC GAMES" музыкалық аспап орындаушыларының Республикалық байқауы өтті. Осы байқауға қатысу үшін номинациялар бойынша орындаушы-аспапшы студенттер мен оқушылар шақырылды:
- ФОРТЕПИАНО
- ІШЕКТІ АСПАПТАР
- ҮРМЕЛІ АСПАПТАР
- ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
Әр номинация бойынша - қатысушының таңдауы бойынша үш санат:
BRONZE LINE, SILVER LINE, GOLD LINE және әртүрлі жас топтары:
I-10 жасқа дейін;
II-11-12 жас;
III-13-14 жас;
IV-15-18 жас;
ФОРТЕПИАНО және SILVER LINE категориялары бойынша-3 сынып оқушысы (1 жас тобы 10 жас ) Алтыбаева Адель (оқыт. Куракбаева Б.А.) екі шығарманы орындады: И. Пахельбель "Сарабанда" және Р. Шуманның "Смелый наездник" пьесасы 3 жүлделі орынға ие болып, конкурс лауреатының грамотасымен марапатталды.
BRONZE LINE категориясында – 8 сынып оқушысы Габдулхакова Альбина (IV жас тобы-15 жас) (оқыт. Баклан О.В.) қазақ халық әнімен "Бір бала" Талықпаев фортепианолық өңдеуде 1-ші орынға ие болды және конкурс лауреатының грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар осы категорияға 7 жастағы (1 жас тобы ) Серікова Ляйсан, 2 сынып оқушысы (оқыт. Айпкалиева Д.Ж.) қатысты. Ол Абайдың "Айтым салем Қаламқас" шығармасын орындап, республикалық байқаудың дипломын алды.
BRONZE LINE санатындағы халық аспаптары номинациясына 4 сынып оқушысы Иденов Ибрагим ( ІІІ жас тобы – 13 жас) қатысты (оқыт. Жакубаев Т.Е. , Киселева Е.Н. фортепианолық сүйемелдеуімен композитор Ботпаев "Бәйге" орындады.
Республикалық конкурстың лауреаттары мен дипломанттарын дайындаған оқытушылар Жакубаев Т. Е., Киселева Е. Н. Баклан О. В., Айпкалиева Д. Ж. және Куракбаева Б. А. құрмет грамоталарымен марапатталды.