Ақпан айының соңында Қазақстан Республикасының "Жас дарын" балалар музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары-жас музыканттардың республикалық фестиваль – байқауының облыстық кезеңі өтті. Бағдарламада И.С.Бах, В.А. Моцарт, И. Гайдн, К. Черни, П. Чайковский, М. Мошковский сияқты ұлы классикалық музыканттардың шығармалары орындалды. Іріктеу турының қорытындысы бойынша біздің балалар музыка мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды: Кужунтаева Алина және Минжасарова Дарина 2 орын, оқытушы Баклан Олеся Васильевна, Ержан Зере 3 орын, оқытушы Белова Ольга Васильевна, Арчакова Хади-қатысушы сертификаты, оқытушы Темпель С. А.. Балалар Облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды, оқытушылар алғыс хаттар алды. Оқушылар Алина Кужунтаева мен Дарина Минжасарова республикалық фестиваль-конкурстың финалына өтті.