2020 жылдан бастап Атбасар қаласы балалар музыка мектебінде фортепиано мен хор пәндерінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары, педагог- сарапшы. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол екі баланың анасы, аяулы жар, сүйікті әже. Нұрсұлу Тельманқызы заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз. Ұстаздар күні қарсаңында Нұрсұлу Тельманқызына зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!