"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Самға, жас дарын!" II облыстық байқау

03.05.2019

27 сәуірде Есіл қаласында " Самға, жас дарын!" II облыстық байқауы өтті. Байқауға облысымыздың 75 ең талантты балалары, орындаушылық шеберлікте өнер көрсетіп, келесі номинацияларда Үздік орындаушыларды таңдау үшін жиналды: домбыра, қобыз, фортепиано, вокал.  Ашылу рәсіміне Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қ. Х. Тажденова, Есіл аудандық мәслихатының хатшысы С. Қ. Ағымбаева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н. М.  Саматов , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. М. Усупов, Есіл ауданының Құрметті азаматы О. Қ. Қайсарбеков қатысты. Байқау қатысушылары мен қонақтарына құттықтау сөзімен Қорлан Тажденова сөз сөйледі. Одан кейін Есіл қаласының Балалар музыка мектебінің директоры Сандыбай Қосымбаев қатысушыларды облыстық байқауды өткізу бағдарламасымен таныстырды. Қарсыластық пен алдағы байқаудың рухын сезіне отырып, қатысушылар өз таланттарын көрсету үшін бөлімдер бойынша тарқасты.
Біздің ауданды 2-ші сынып оқушылары (домбыра) Какенай Достан және Шугаипов Олжас, оқытушы Альпейсов Ернұр Сабырұлы абыроймен көрсетті.  Какенай Достан 3 орын алғаны үшін дипломмен, Шугаипов Олжас – қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.  Жетекшілер алғыс хат алды.

 

 

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст