2019 жылдың 18 -19 сәуір аралығында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Щучинск қаласында "Қосымша білім берудің үздік педагогы"облыстық байқау өткізілді. Байқаудың ұйымдастырушысы Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті" КММ. Байқаудың мақсаты-педагогикалық шеберлікті арттыру және қосымша білім беру жүйесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарын ынталандыру, қосымша білім беруді дамытудағы инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Байқауға Степногорск, Көкшетау, Макинск, Щучинск, Целиноград, Балкашин және басқа аудандардан 16 оқытушы қатысты. Байқау сынақтарында өткізілген уақыт қатысушылардың жадында тек жарқын естеліктер қалдырды,жұмысқа жаңа серпін берді.
Щучинск қ. № 2 ОМ акт залында шығармашылық және мейірімділік атмосферасы орнады. Сайыскерлер мен жанкүйерлер өз қарсыластарын қол шапалақпен қолдады.
Байқау 4 турда өтті:
1. "Менің кәсіби ұстанымымымымым"өзін-өзі таныстыру.
2. Білім беру бағдарламасының тұсаукесері.
3. "Қосымша білім беру құралдарымен оқушылардың жеке тұлға дамуына менің көзқарасым.
4. Портфолио қорғау.
Атбасар ауданының намысын қорғай отырып, Балалар ән-күй мектебінің теория және сольфеджио сыныбының оқытушысы Русонис Людмила Михайловна жоғары марапатқа ие болды: Гран - при. Оның сөз сөйлеулері мазмұндаудың логикалық реттілігімен, презентацияны көрсету және ауызша сүйемелдеумен, жалпы және кәсіби эрудициямен ерекшеленді. Байқаудың барлық турларында Людмила Михайловна қазылар алқасының жоғары бағасын алды.
Байқаудың қазылар алқасының төрағасы – Абдрахманов Бейсенбай Қадырбекұлы Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы – Наймушина Наталья Георгиевна атына, оның шебер басқаруы және ұйымдастырушылық қабілеті туралы жақсы сөздер айтты.
Осындай жоғары жетістікті мақтан тұтамыз және Атбасар ауданының барлық оқытушылар ұжымына алдағы уақытта табыс пен жеңіс тілейміз.