Атбасар балалар ән-күй мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жыл сайынғы "Жас дарын"2019 байқауы өтті. Биылғы жылы байқауға "Фортепиано", "халық аспаптары" және "қазақ халық аспаптары"бөлімдерінің 1-6 сыныптарының 70-тен астам қатысушылары қатысты. Байқаудың міндетті шарты қазақстандық композитордың пьесасын орындау болды. Байқауға қатысушылардың өнерін тәжірибелі оқытушылар бағалады,олар шығарманың көркемдік құндылығын, күрделілік дәрежесін, сондай-ақ әртістік және орындау сапасын ескереді. Барлық оқушылар конкурстық бағдарламаны орындап, жақсы нәтижелер көрсетті,дипломдар, грамоталар және тәтті сыйлықтар алды.
"Жас музыкант" байқауы неғұрлым жарқын және болашағы бар балаларды анықтау және жан-жақты қолдау, педагогикалық шеберлікті арттыру және классикалық қазақ музыкасын танымал ету, орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту және орындаушылық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.