2019 жылы 10 сәуір күні Атбасар музыка мектебінде "Екі жұлдыз"вокалдық байқауы өтті. Конкурс "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру және Жастар жылы аясында Атбасар ауданының білім беру қызметкерлері арасында өткізілді. Конкурсты ұйымдастырушы аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ төрағалары кеңесінің төрайымы Едрисова Роза Балгенжиновна.
Байқау 1 кезеңде өткізілді,оған 14 дуэт және 1 трио қатысты. Музыкалық шеберлік деңгейін және сахналық образды қазылар алқасы бағалады:
Қазылар алқасының төрайымы-Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна.
Қазылар алқасының мүшелері:
1) аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Куракбаева Гульжан Амановна.
2) педагогикалық еңбек ардагері Клименко Светлана Николаевна.
3) Балалар музыка мектебінің оқытушысы, "Жастар" вокалдық тобының жетекшісі Белинская Наталья Васильевна.
4) "Родничок" балабақшасының музыкалық жетекшісі» Аникеева Ольга Леонидовна.
№7 ҚОМ вокалдық дуэті I дәрежелі дипломмен Каппасова М.М. және Сатбек Ақнұр марапатталды.
№3 ОМ вокалдық дуэті II дәрежелі дипломмен Сейтенова З. А. және Садықова Шадияр марапатталды.
Мариновка орта мектебінің вокалдық дуэті III дәрежелі дипломмен Холод И.П.және Абдулхаева Сафина марапатталды.