02.04.2019
23-26 наурыз аралығында Астана қаласында "Жастар сарайы" концерт залында "ART PREMIUM" IV халықаралық өнер фестивалі өтті. Конкурс дарынды және талантты балаларды ашуға және қолдауға, шығармашылық педагогтарды анықтауға, әртүрлі жастағы массалар арасында шығармашылық қарым-қатынасты дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеудегі оның рөлін күшейтуге бағытталған мақсаттарға қызмет етуге бағытталған. Конкурс-фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді: вокал, хореография, аспаптық шығармашылық, бейнелеу өнері. Балалар Қазақстанның барлық аймақтарынан, Ресейден, Якутиядан және басқа елдерден жиналды. Осындай ауқымды шараға менің 3-ші сынып оқушысы Дылева Эвелина қатысты. Эвелина "аспаптық шығармашылық" номинациясы бойынша қазақстандық композитор - замандас Әліби Абдинуровтың "Верблюжонок"шығармасын орындады. Қазылар алқасы музыкалық шығарманы орындау техникасы мен мәнерлілігін бағалады. Эвелина бұл қиын сынаққа төтеп беріп, бірінші жүлделі орынға ие болып, алтын медальмен марапатталды.