Текст
19 наурызда Балалар музыка мектебінде "Наурыз" мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: әр түрлі ұлт өкілдерін жақындастыру, оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлеріне қызығушылығын дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар мектепке келген сәттен бастап мерекелік көңіл-күй сезілді, бұл ең алдымен, концерт залын және мектепті ұлттық нақышта безендіру. Іс-шараны өткізуге ата-аналар да көмектесті: әр түрлі халықтардың ұлттық тағамдарымен дастархан жайылды. Әр түрлі тілде өлеңдер мен әндер шырқалып, көптеген билер көрсетілді. Біздің мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар дайындаған концерттік бағдарлама жарқын және әсем болды.