«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі барлығы 74, қағаз түрінде – 74 қызмет көрсетті.
2020 жылы барлығы 68 қызмет, қағаз түрінде-68 қызмет көрсетілді.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
- Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау.
Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.