Текст
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» Жыл сайынғы қазан айының алғашқы аптасында жоғары деңгейде атап өтілетін ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина мен Кәсіподақ комитетінің төрайымы Р. Едрисова қатысуымен білім беру саласында адал еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Атбасар балалар музыка мектебінің фортепиано сыныбының оқытушысы Дина Жуманкожаевна Айпкалиева білім бөлімінің Алғыс хатымен, естелік сыйлықпен марапатталды. Дина Жуманкожаевна, марапатыңыз құтты болсын, еңбекте жемісті, шығармашылық табыстар тілейміз.