11-12 ақпан аралығында ел астанасы Астана төрінде «Art aspect» орталығының ұйымдастыруымен «Astana music qemes» музыкалық аспап орындаушыларының республикалық байқауы өтті. Өз намысын қорғауда домбыра аспабы бойынша 5-сынып оқушысы Скороходов Александр (оқыт. Жақыбаев Т.Е) – 1-орынды, 2-сынып оқушысы Сериков Ерасыл(оқыт. Жақыбаев Т.Е)- 2-орынды, 4-сынып оқушысы Аубакирова Балнур (оқыт.Султангазина А.А.)- 3-орынды,3-сынып оқушысы Амралина Аида (оқыт. Амралинов К.Ж.) -3-орынды, қобыз аспабы бойынша 5-сынып оқушысы Тенбаева Толкын (оқыт. Калымтаева З.Қ) - 1-орынды,фортепиано аспабы бойынша 4-сынып оқушысы Тлектесова Дарина (оқыт.Куракбаева Б.А.) -3-орынды, 6-сынып оқушысы Калашникова Анна(оқыт. Темпель С.А.)- 3-орынды иеленсе, 7-сынып оқушысы Овчинникова Александрина байқау дипломанты атанып, мектеп мәртебесін бір көтерді. Қазақстанның Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды, Астана сынды үлкен қалаларынан келген байқауға қатысушылар қатарында біздің Атбасарлық оқушылар да ерекше көзге түсті. Оқушылармен аянбай еңбек ететін ұстаздар қауымы да Мақтау қағаздарымен марапатталды. Аянбас еңбектің арқасында нәтижелі де жемісті дәрежеге қол жеткізу біздің жас дарын иелерінің басты ұстанымы. Мектеп ұжымы барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды!!! Алда тек өнер биігінен көріне берулерінізге тілектеспіз!!!