"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық сынақ

01.11.2017

Үстіміздегі жылдың 24-25 қазан аралығында музыка мектебінде халық аспаптары және фортепиано бөлімдерінде 2,3,4,5,6-сыныптары үшін техникалық сынақ өтті. Сынақ ережесіне сай оқушылар халық бөлімі бойынша бір этюд,ал фортепиано бөлімі бойынша гаммалар және таңдаулы этюд орындап берді. Балалардың жыл басындағы орындаушылық шеберліктерін шыңдайтын бұл сынақтың маңызы өте ерекше. Оқушының техникалық орындаушылық қабілеттеріне, саусақ қойылымы, шығарманың жылдамдық мөлшерінің қай деңгейде орындалуы,дыбыс тазалығы сияқты талаптарға ерекше көңіл бөлінеді. Әр сынып оқушылары өз деңгейлерінде сынақты толықтай тапсырды, қалыс қалған ешкім жоқ, тиісті бағалармен бағаланды.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст