Текст
1 желтоқсан күні барша Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін мақтанышпен атап өтпек. Осы мереке қарсанында біздің мектебімізде, 25 қараша күні "Менің Қазақстаным. Менің Президентім" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Құттықтау сөзімен мектеп басшысы Мажитова Жибек Каировна сөз сөйледі. Мерекелік іс- шараға халық аспаптары, фортепиано бөлімдерінің, үлкен, кіші хор топтарының оқушылары мен ұстаздар қауышы шебер орындаушылық өнерлерін көрсете білді. Көрермендер керемет музыкалық және би өнерінің нөмірлерін ерекше ықыласпен тыңдай білді.