«Қансонар – 2026» халықаралық турнирі
21.10.2026
Зеренді ауданында өткен «Қансонар – 2026» халықаралық турниріне Атбасар қаласы балалар музыка мектебінің ұстаздары қатысты. Аталған турнир ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, халқымыздың мәдени мұрасын сақтауға және ұлттық өнер мен салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған осындай іс-шараларға қатысу – мәдениет пен өнер саласының дамуына қосылған үлес. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, рухани құндылықтарымызды насихаттайтын игі бастамалар жалғасын таба берсін!


Просмотров: 117