Балалар музыка мектебінде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай қорытынды педагогикалық кеңес отырысы өтті.

01.06.2026

                   Кеңес барысында оқу жылы ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, оқушылардың жетістіктері мен педагогтердің кәсіби қызметінің қорытындылары талқыланды. Сонымен қатар білім беру үдерісінің сапасын арттыру, шығармашылық байқаулар мен концерттік іс-шараларға қатысу нәтижелері қарастырылды.  Педагогикалық кеңесте үздік көрсеткіштерге қол жеткізген оқушылар мен белсенді еңбек еткен ұстаздардың жетістіктері атап өтілді. Сондай-ақ алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен даму бағыттары белгіленді.  Мектеп директоры ұжымға жемісті еңбектері үшін алғыс білдіріп, жазғы демалыс кезеңіне сәттілік тіледі.  Қорытынды педагогикалық кеңес оқу жылының нәтижелерін бағамдап, алдағы жұмыстарды жоспарлауға мүмкіндік берді.

 

Просмотров: 667


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу