"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас музыканттардың Республикалық фестиваль- байқауы

18.05.2026

14-15 мамыр күндері Астана қаласында Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың Республикалық фестиваль- байқауы өтті.  Екі күн бойы Қазақстанның 20 өңірінен келген жас дарындар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары шеберлік пен шығармашылық деңгейін көрсетті. Ақмола облысының намысын қорғау үшін байқауда Атбасар қаласы балалар музыка мектебінің хор ұжымы ( жет. Тушембекова Н.Т.) және фортепиана аспабы бойынша жеке орындауда Ержан З., Мынжасарова Д. ( оқыт. Баклан О.В.) өнер көрсетті. “ Замануи әуен” номинациясы бойынша Ержан З.  ҚР Оқу- ағарту министрлігінің Қосымша білім беру ұйымдары оқу- әдістемелік орталығының Алғыс хатымен және естелік сыйлығымен марапатталды! Сондай- ақ хор ұжымына байқауға қатысқаны үшін  сертификат тапсырылды. Фестиваль- байқау жас музыканттардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, өнер арқылы достық пен рухани үндестіктің жарқын алаңына айналды.

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст