"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Музыка мен балалар – дос» дәстүрлі ансамбльдік фестивалі

29.04.2026

Сәуірдің 28-і күні Балалар музыка мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Музыка мен балалар – дос» дәстүрлі ансамбльдік фестивалі өтті. Фестивальге 47 оқушы қатысты. Ансамбльде домбыра, қобыз, гитара, скрипка, фортепиано, түймелі баян сияқты түрлі аспаптар өнер көрсетті. Көрермендер қазақ халық аспаптары балалар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқаған әнді, сондай-ақ төрт қолды фортепианолық ансамбльдердің, трио-гитаршылар ансамблінің, домбырашылар ансамблінің әуезді өнерлерін тамашалады.Ансамбльдердің репертуарында балалар әндері, қазақстандық композиторлардың пьесалары, қазақ және орыс халық әндері, әртүрлі жанрдағы классикалық шығармалар болды. Оқытушылар Калымтаева З.К., Султангазина А.А., Баклан О.В., Шевченко С.А., Ниевина Р.В., Русонис Л.М., Куракбаева Б.А., Коцюба Т.В., Белова О.В., Темпел С.А., Батырова С.С. Айпалиева Д.Ж., және оқытушы Самохвалова Н.Ф. фестиваліне белсенді қатысты. Барлық қатысушылар фестивальдің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Просмотров: 141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст