"Хош келдің, әз Наурыз" концерті

20.03.2026

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Концерт барысында ұлттық өнер дәріптеліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлаған әсем әндер мен әсерлі қойылымдар ұсынылды.
Мереке барысында келген қонақтар наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, ұлттық дәстүрдің шынайы көрінісіне куә болды. Сонымен қатар, шашу шашылып, қуаныш пен берекенің белгісі ретінде көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл шара халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап, бірлік пен жаңарудың жарқын үлгісін көрсетті.

 

Просмотров: 939


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу