"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту күні қарсаңында музыка мектебінде ерекше рухани шара өтті.

06.03.2026

 Қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттауға арналған қазақ халық аспаптары бөлімінің жас орындаушылар байқауы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Алғыс айту күні – елімізде 1 наурызда аталып өтетін маңызды мерекелердің бірі. Алғыс айту күні – татулық пен өзара құрметтің, ризашылық пен мейірімнің мерекесі. Осы атаулы күн аясында ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және сахна мәдениетін қалыптастыру.
Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігіне, сахнада өзін ұстауына, шығарманы жеткізу мәнеріне ерекше назар аударды. Әрбір жас өнерпаз өз деңгейінде дайындалып, үлкен жауапкершілікпен өнер көрсетті. Нәтижесінде үздік орындаушылар дипломдармен марапатталды.
Бұл байқау тек өнер сайысы ғана емес, сонымен қатар ұстаздарға, ата-аналарға және оқушыларға ризашылық білдіретін тағылымды шараға айналды.

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст