03.03.2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Атбасар қаласы №3 орта мектебі қабырғасында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген шығармашыл ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Іс-шара аясында облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен Балалар музыка мектебі оқытушысы Шевченко С. Л. марапатталды. Ол жас ұрпақтың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, шәкірттерінің шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Шевченко С. Л. – өз ісіне адал, кәсіби шеберлігі жоғары, оқушыларының жетістіктеріне шын жүректен қуана білетін білікті маман. Оның еңбегі әріптестері мен шәкірттері тарапынан жоғары бағаланып келеді. Марапат иесін ұжым атынан құттықтай отырып, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз.