Ата - аналар жиналысы

14.11.2025

            Мектеп директоры Қалымтаева З.К. ата-аналарға музыкалық білімнің баланың тұлғалық үйлесімді дамуына тигізетін пайдасы, мектеп жұмысы, оқушылардың жетістіктері және мектеп тәртібі туралы баяндады.
Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Султангазина А.А. ата-аналарға оқу үдерісінің қалай құрылатыны туралы айтып, баланың музыкамен айналысуын ынталандырып, оған қолайлы жағдай жасау ата-ананың маңызды рөлі екенін атап өтті. Бөлім меңгерушілері — Амралинов  Қ.Ж., Коцюба Т.В., Белова О.В. халық аспаптары және фортепиано бөлімдерінде оқыту ерекшеліктері жайлы айтты. Теориялық пәндер оқытушысы Русонис Л.М. ата-аналармен халық және фортепиано бөлімдерінің бітіруші сыныптарындағы оқушылармен жүргізілетін жұмыс туралы ақпаратпен бөлісті.Жиналыс соңында оқушылардың шағын концерті ұсынылды.

 

Просмотров: 1060


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу