"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Республика күні"

17.10.2025

16 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне арналған танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 6-сынып оқушылары белсене қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың еліміздің тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының күні 25 қазанда аталып өтетіні түсіндірілді. Себебі дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы тарихи қадамы жасалды.
Оқушылар Қазақстан тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне арналған викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Викторина барысында келесі сұрақтар қойылды:
– Қазақстан Республикасының күні қашан аталып өтеді?
– Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қай жылы қабылданды?
– Біздің еліміздің қандай мемлекеттік рәміздерін білесіңдер?
– Қазақстан Республикасының туында не бейнеленген?
Шара соңында оқушылар музыкалық үзіліске қатысып, қазіргі ұрпақ үшін бұл мерекенің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара жоғары деңгейде, достық және танымдық атмосферада өтті.

 

Просмотров: 619


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст