Текст
17.10.2025
Көкшетау қаласында Ұлттық домбыра күніне орай өткізілген "Қасиетті домбыра" облыстық байқауына біздің мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Байқауда өнер көрсеткен оқушыларымыз — Қабдеш Мейрам, Еділ Үміт және Рақымжан Меруерт өз шеберліктерін танытып, сертификаттармен марапатталды. Бұл байқау оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, қазақтың қасиетті аспабы — домбыраның қадір-қасиетін терең түсінуге мүмкіндік берді. Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшісі — Амралинов Қуаныш Жанибекұлы. Жас домбырашыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар.

