Текст
Бүгін музыка мектебі ерекше қонақтарды – мектептегі жазғы лагерь балаларын қуана қарсы алды. Балалар экскурсияға келді, мектеп мұражайын аралады, танымдық және шығармашылық шараларға қатысты, музыкалық аспаптармен танысты, фортепиано мен домбыра тыңдады.Мұндай кездесулер қуаныш сыйлап қана қоймай, музыкаға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Мүмкін осы жаз болашақ музыканттар үшін шығармашылық жолдың бастауы болар.