Біздің музыка мектебімізде қызықты іс-шара өтті – оқушыларға мектеп мұражайына экскурсия өткізілді, ол балаларға музыка мектебінің тарихына үңілуге мүмкіндік берді.
Экскурсия жылы, танымдық атмосферада өтті. Балалар экспонаттарды қызығушылықпен тамашалады: ескі ноталар, фотосуреттер, өткен жылдардағы музыкалық аспаптар, концерттік плакаттар, сонымен қатар мектептің дамуына зор үлес қосқан мұғалімдердің жеке заттары. Экскурсия барысында балалар тыңдап қана қоймай, белсенді түрде сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлісті, сонымен қатар шағын музыкалық викторинаға қатысты. Мұндай экскурсияларды өткізу игі дәстүрге айналды, рухани бай, шығармашылық тұрғыдан дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Мұғалімдер: Куракбаева Б.А.. Амралинов Қ.Ж.