2025 жылдың 12 маусым күні Атбасар қаласының балалар музыка мектебі қосымша білім беру педагогтерінің оқу мен тәрбие үрдісінде қолданылатын инновациялық педагогикалық іс - тәжірибелерімен өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық ойлауды дамыту, облыс мұғалімдерінің арасында өзара қарым - қатынасты нығайту мақсатында “ Қосымша білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық тәсілдері “ облыстық вебинарын өткізді. Вебинарда Бурабай ауданы балалар музыка және өнер мектептерінің оқытушылары қатысты. Тәжірибе алмасу алаңында музыка мектебінің оқытушылары Куракбаева Б. А., Русонис Л. М., Самохвалова Н.Ф., Баклан О.В., Пролубникова К. В. өз авторлық жұмыстары мен бағдарламаларын таныстырып, оларды басқа әріптестермен талқылау арқылы жаңа идеялар мен әдіс- тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.