Текст
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының оқушылары балалар музыка мектебінде өткен «Әншуақ» балалар әндері фестивалінің Гала-концертіне қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау мақсатында өткізілді. Концерт барысында балалар қазақ тіліндегі түрлі әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті. Фестиваль балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етті.