Фортепиано сыныбының оқытушысы Киселева Елена Николаевна 6-сынып оқушысы Калинина Златамен «Түрлі жанрдағы шығармалармен жұмыс жасау барысында оқушының музыкалық-орындаушылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты мен міндеттері – музыканың мәнерлі құралдарының мағыналы орындалуын дамыту және динамикалық белгілер мен артикуляцияны сапалы орындауға жету болды. Сабақ барысы A-dur, fis -moll гаммаларын орындаудан басталды. Сондай –ақ Ванхальдың « Соната A-dur», Гречаниновтың « Прелюдия b – moll» , Беренстің « Этюд C- Dur» сынды шығармаларымен жұмыс жүргізілді. Оқушы сабақ барысында өте ұқыпты, тапсырманы бұлжытпай орындап, оқытушының сұрақтарына еш кедергісіз жауап беріп отырды. Орындаушылық қаблеттері, шығармашылық талдау жасауы, қол қойылымы жақсы қалыптасқан. Сабақты ерекше ықыласпен қабылдай алады. Қойылған мақсаттар толық орындалды, сабақ қызықты, тартымды өтті.