Текст
Дана халқымыз : «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді.
Әйелдер қауымы - табиғатынан кішіпейілділіктің, адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке - бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымызды, ару- қыздарымызды 8- наурыз мерекесі қарсаңында музыка мектебінің оқытушылары мен оқушылары құттықтады. “ Аялайық ананы” тақырыбымен мерекелік концерт өте жақсы көңіл күйде, әсерлі өтті.