"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа  города Атбасар при отделе образования  по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беру оқытушылары арасындағы біліктілікті арттыру курстары

13.04.2021

                 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ 2021 жылы  08.02-19.02 аралығында  онлайн режимінде қосымша білім беру оқытушылары арасында кезекті біліктілікті арттыру курстарын өткізді. "Қосымша білім беру жағдайында шығармашылық қабілетті дамыту "курсын жоғары білікті маман, куратор Жамантаева Жанар Катаевна жүргізді.
Курс түрлі тақырыптардан тұрды:
1. Нормативтік-құқықтық модуль.
2. Қосымша білім беру саласындағы балалардың даму стратегиялары.
3. Проблемалы балалармен жұмыс.
4. Қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялар
5. Техникалық негіздер және тағы басқалар.
Куратор Жанар Катаевна Жамантаева әріптестеріне бейне-сабақтар, баяндамалар, рефераттар оқу үлгісінде өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісуді ұсынды, оқытушылар тестілеу сұрақтарына жауап берді.
Әсіресе жемісті жұмыс пікірталас түрінде айтылды, онда белгілі бір мәселеге қатысты өз көзқарасын ашуға мүмкіндік берілді. Сабақтарда Ақмола облысының түрлі аудандарындағы педагогтарды рухани және іс жүзінде жақындастыратын игілікті, жемісті жұмыс орнады. Ұйымдастыру комитетіне және Ж. К. Жамантаевнаға жеке алғысымызды білдіреміз.

 

 

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст