Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастардыи анықтау және қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен қазан айының Бұланды ауданының Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін дамыту бойынша әдістемелік жұмыс» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға мектебіміздің директордың оқу ісі жөнінен орынбасар А. Султангазина мен фортепиано сыныбының оқытушысы С.С. Батырова қатысты.